logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Халықаралық жасанды интеллект олимпиадасының қола жүлдегерлері

03 қараша 2025 12:29

Қазақстанда КеАҚ «Республикалық физика-математика мектебі» ұйымдастырған Fizmat AI Olympiad (FAIO 2025) халықаралық олимпиадасы өтті.

Олимпиаданың мақсаты — заманауи технологияларды насихаттау және оқушылардың бағдарламалау, математика, деректерді талдау, машиналық оқыту мен жасанды интеллект саласындағы жобалық дағдыларын дамыту.

Ақтөбедегі НЗМ оқушылары онлайн іріктеу турынан сәтті өтіп, II кезеңге — офлайн финалға, Алматы қаласына жолдама алды.

Олимпиада қорытындысы бойынша біздің мектептің екі командасы қола жүлдегер атанды!
1-команда:
Багланов Алихан (12-сынып)
Курмангазин Амирхан (12-сынып)
Сырлыбаев Даир (12-сынып)
Жетекшісі: Гайсагалеева Б.М.
 2-команда:
Мажитов Джафар (12-сынып)
Асланұлы Сұлтанби (11-сынып)
Нурланов Улан (10-сынып)
Жетекшісі: Узакбаев Н.А.

Оқушылар мен жетекшілерді тамаша нәтижемен шын жүректен құттықтаймыз!