Жаңалықтар
NIS Ақтөбе - Wals 2025 халықаралық конференциясында
13 қараша 2025 12:40
10–12 қараша күндері Жапонияның Хиросима қаласында өткен World Association of Lesson Studies (WALS-2025) халықаралық конференциясының ресми бағдарламасына Ақтөбедегі Назарбаев Зияткерлік мектебінің зерттеу жобалары енгізілді.
Бұл — біздің мұғалімдердің Lesson Study мәдениетін дамытудағы еңбегі әлемдік ғылыми қауымдастық тарапынан мойындалғанының нақты дәлелі.
Халықаралық платформа түрлі елдерден келген педагог-зерттеушілердің тәжірибесін тоғыстырып, дәлелді педагогикаға негізделген жаңа білім моделін бірлесе құруға мүмкіндік береді.
NIS Ақтөбе командасының осы қатарға қосылуы – мектептің кәсіби зерттеу мәдениетінің жаһандық деңгейге көтерілгенінің айқын көрінісі.
Конференция бағдарламасына қатысқан:
- математика пәнінің мұғалімі Бақыт Әлжанова;
- қазақ тілі және әдебиет мұғалімі Жанагуль Ниязова;
- орыс тілі және әдебиет мұғалімі Мария Ахметова;
- ағылшын тілі мұғалімі Гаухар Сарсенбаева;
- өнер пәнінің мұғалімі Мира Тажбенова.


