Жаңалықтар
Батырхан Құттымұрат- XVIII Президенттік олимпиада жеңімпазы
21 қараша 2025 12:50
2025 жылдың 17–21 қарашасы аралығында Астана қаласында еліміздің білім беру ұйымдарының 11(12)-сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық бағыт пәндері бойынша XVIII Президенттік олимпиада өтуде.
Асқан қуанышпен хабарлаймыз: Ақтөбе қаласындағы НЗМ-нің 12-сынып оқушысы Құттымұрат Батырхан осы беделді олимпиадада 1-орын иеленді!
Олимпиаданың мақсаты – орта білім беру ұйымдары арасында математика, физика, химия және биология пәндерінен дарынды оқушыларды анықтау, олардың интеллектуалдық дамуына және кәсіби бағдарлануына жағдай жасау.
Сонымен қатар, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерге қызығушылықты арттырып, оқушылардың теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын тереңдету болып табылады.
Бұл жетістік – Батырханның еңбегі, табандылығы және білімге деген шынайы талпынысының жарқын нәтижесі.
Батырханды шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа белестер мен толағай табыстар тілейміз!