Жаңалықтар
12-сынып оқушыларының ХҚКО-дағы танымдық тәжірибесі
25 қараша 2025 12:59
Бүгін NIS Актобе 12-сынып оқушылары үшін №2 Халыққа қызмет көрсету орталығына танымдық сапар ұйымдастырылды.
Экскурсия NIS Program аясындағы цифрлық сауаттылықты қалыптастыру сабақтарының бір бөлігі болды. Оқушылар мемлекеттік онлайн қызметтердің қалай жұмыс істейтінін, цифрлық платформалардың мүмкіндіктерін және электрондық ресурстарды қауіпсіз пайдалану жолдарын үйренуде.
Бағдарлама аясында оқушылар авторлық құқық және цифрлық құқық негіздері, онлайн ортадағы қауіпсіздік қағидалары, анықтама мен құжаттарды электронды түрде алу жолдары, жеке кабинет пен цифрлық сәйкестендіру мүмкіндіктерін үйренеді.
Сонымен қатар оқушылар онлайн қызметтер арқылы анықтама рәсімдеп, ЭЦҚ-мен жұмыс істеп, атқарылған тапсырмалар бойынша есеп дайындайды. Бұл олардың цифрлық құралдарды сенімді қолдану дағдыларын дамытады.
Сапар барысында оқушылар азаматтарды қабылдау, құжаттарды рәсімдеу, цифрлық терминалдардың жұмысы сияқты процестерді бақылап, дәстүрлі және электрондық қызметтердің айырмашылығын салыстырды.
Мұндай тәжірибе оқушылардың жеке деректермен қауіпсіз жұмыс істеуін үйретеді, цифрлық құзыреттілігін арттырады және онлайн қызметтер күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналған ересек өмірге дайындайды.





