logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Дәстүрлі «Samgau» форумы Ақтөбе қаласындағы NIS-те мазмұнды әрі ерекше атмосферада өтті.

26 желтоқсан 2025 16:13

Форум аясында мектеп түлектері өздерінің білім алу жолындағы тәжірибелерімен бөлісіп, университет өмірінің ерекшеліктері, кәсіби бағдар таңдау және болашаққа жоспар құру туралы әңгімеледі. Еркін форматта ұйымдастырылған кездесулер барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жоғары оқу орындарындағы оқу үдерісі, студенттік өмір және жеке даму бағыттары туралы пайдалы ақпарат алды.

Форум бағдарламасы тек білім беру және мотивациялық бағытпен ғана шектелмей, спорттық іс-шаралармен де толықты. Оқушылар, түлектер және мұғалімдер арасында волейболдан тартысты жарыс ұйымдастырылып, қатысушылар арасында жағымды көңіл күй мен командалық рух қалыптастырды. Бұл жарыс әртүрлі буын өкілдерінің бір ортада бас қосып, өзара қарым-қатынасты нығайтуына ықпал етті.

«Samgau» форумы – бұл тәжірибе алмасу, шабыттану және жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын маңызды алаң. Осындай кездесулер оқушыларға болашаққа сенімді қадам жасауға, мақсаттарын айқындауға және жаңа жетістіктерге ұмтылуға серпін береді.

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-
image-