Жаңалықтар
Мектебімізде «Қоғамға қызмет» акциясы аясында оқушылардың азаматтық жауапкершілігін арттыруға және қоғамға деген жанашырлық көзқарасын қалыптастыруға бағытталған игі іс-шара ұйымдастырылды.
23 қаңтар 2026 16:33
Қыстың суық күніне қарамастан, оқушылар өз қолдарымен ыстық тағамдар дайындап, тазалық қызметкерлеріне ұсынды. Бұл бастама қарапайым көмек көрсетумен ғана шектелмей, қоғамдағы әрбір мамандық иесіне құрметпен қараудың, олардың еңбегін бағалаудың және алғыс білдірудің жарқын үлгісіне айналды.
Акцияның басты мақсаты – оқушылардың бойында адамгершілік құндылықтарды дамыту, өзгелердің еңбегін құрметтеу, жанашырлық пен қамқорлық қасиеттерін қалыптастыру. Осындай игі бастамалар арқылы оқушылар қоғамға қызмет етудің маңызын түсініп, әлеуметтік жауапкершіліктің мәнін тереңірек ұғынады.
«Қоғамға қызмет» акциясы оқушылардың қоғамдық белсенділігін арттырумен қатар, мейірімділік пен қайырымдылықтың адам өміріндегі маңызды құндылық екенін тағы бір мәрте көрсетті.