logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Аделия Каюрминаның жеке шығармашылық көрмесінің ашылу салтанаты өтті.

29 қаңтар 2026 11:38

Аделия NIS қабырғасында білім алып, «Тюльпан» арт-студиясына қатысу барысында әртүрлі жанрлар мен техникада орындалған 50-ден астам туындысын көрермен назарына ұсынды. Көрмеге қойылған әрбір жұмыс оның шығармашылық көзқарасын, өзіндік қолтаңбасын және өнер арқылы қоршаған әлемді қабылдау ерекшелігін көрсетеді.

Сонымен қатар, Аделия мектеп өміріне белсенді қатысып, түрлі бағыттарда өз қабілеттерін дамытып келеді. Ол NIS Got Talent байқауында вокал бағыты бойынша жүлделі орын иеленіп, шығармашылық әлеуетін жоғары деңгейде көрсетті. Сонымен бірге жобалық жұмыстарға да белсенді қатысып, қоғамдық өмірдің ажырамас бөлігіне айналып отыр.

Мұндай шығармашылық бастамалар оқушылардың қабілеттерін шыңдауға, олардың қызығушылықтарын дамытуға және жас таланттарды қолдауға мүмкіндік береді. Аделияның жетістіктері өзгелер үшін де шабыт пен жаңа идеялардың көзі болары сөзсіз.

Фотогалерея

image-
image-