logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Қамқорлық пен мейірімнен басталатын игі істердің жалғасы ретінде 9-сынып оқушылары ата-аналарымен және кураторларымен бірге қарттар үйіне барып қайтты.

03 ақпан 2026 11:48

Бұл кездесу үлкен буын өкілдеріне көңіл бөліп, оларға жылулық сыйлау мен рухани қолдау көрсетуді мақсат етті.

Іс-шара барысында оқушылар қарттармен тілдесіп, олардың өмірлік тәжірибелері мен қызықты әңгімелерін тыңдады. Сонымен қатар, шынайы ықыласпен дайындалған шағын сыйлықтар табысталып, жылы лебіздер айтылды. Қарапайым ғана көрінетін осындай сәттер адамдар арасындағы қарым-қатынастың, жанашырлық пен қамқорлықтың маңызын тағы бір мәрте көрсетті.

Мұндай кездесулердің тәрбиелік мәні ерекше. Олар оқушылардың бойында үлкенге құрмет, адамгершілік, мейірімділік және әлеуметтік жауапкершілік сияқты маңызды қасиеттердің қалыптасуына ықпал етеді. Қоғамдағы әрбір жанға көңіл бөліп, қамқорлық таныту – ізгілік пен мәдениеттің маңызды көрінісі.

Осындай игі бастамалар арқылы оқушылар жүректен шыққан қарапайым жақсылықтың өзі үлкен қуаныш пен жылулық сыйлай алатынын түсінеді.

Фотогалерея

image-
image-