Жаңалықтар
9-сынып оқушылары арасында «NIS Chef» атты ерекше аспаздық байқау ұйымдастырылды
17 ақпан 2026 11:55
Іс-шара оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, аспаздық өнерге деген қызығушылығын арттыруға және түрлі халықтардың мәдениетімен жақынырақ таныстыруға бағытталды.
Байқау барысында қатысушылар әртүрлі елдердің ұлттық тағамдарын әзірлеп, өздерінің аспаздық шеберліктерін, креативті ойлау қабілеттерін және командалық жұмыс дағдыларын көрсетті. Әр команда тағам дайындауға ерекше жауапкершілікпен қарап қана қоймай, оны ұсынуда да тың идеялар мен ерекше тәсілдерді қолданды.
Қатысушылар тағамдардың дайындалу ерекшеліктері, шығу тарихы және олардың ұлттық мәдениеттегі маңызы туралы қызықты мәліметтер ұсынды. Әрбір жұмыс шығармашылық көзқараспен дайындалып, көрермендер мен қазылар алқасының қызығушылығын тудырды.
«NIS Chef» байқауы оқушылардың аспаздық қабілеттерін ашуға мүмкіндік беріп қана қоймай, олардың мәдениетаралық қарым-қатынас туралы түсініктерін кеңейтіп, ұйымшылдық пен бірлесіп жұмыс жасау дағдыларын дамытуға ықпал етті. Осындай танымдық және шығармашылық іс-шаралар оқушылардың жан-жақты дамуына мүмкіндік береді.