logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

«Әнім сен едің…» атты Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған әсерлі ән кеші өтті.

25 ақпан 2026 12:06

Кеш барысында мектебіміздің ұстаздары сахна төріне шығып, қазақ музыкасының падишасы атанған Шәмші Қалдаяқовтың халық жүрегінен орын алған танымал әндерін орындады. Әрбір шығарма тыңдарманға ерекше әсер сыйлап, көрермендерді әсем әуен мен шынайы сезім әлеміне жетеледі. Әндердің мазмұны мен әуені көрермендердің жүрегіне жол тауып, кештің ерекше атмосферасын қалыптастырды.

Музыкалық кеш тек шығармашылық бағдарлама ғана емес, сонымен қатар ұлттық өнердің құндылығын сезінуге және рухани байланыс орнатуға мүмкіндік берген тағылымды іс-шараға айналды. Ұстаздардың өнерге деген құрметі мен шығармашылық шабыттары кештің мазмұнын тереңдете түсті.

Осындай мәдени іс-шаралар оқушылар мен ұстаздардың рухани дүниесін байытып, ұлттық музыкаға деген қызығушылықты арттыруға ықпал етеді. Шәмші Қалдаяқовтың әндері – ұлт мәдениетінің ажырамас бөлігі ретінде ұрпақтан ұрпаққа жалғасын табатын асыл мұра.

Фотогалерея

image-
image-
image-