Жаңалықтар
«Абай мен Пушкин – екі жүрек үндестігі» тақырыбында музыкалық-поэтикалық композиция ұйымдастырылды.
04 наурыз 2026 15:40
Кештің негізгі мақсаты – ұлы ақындардың шығармалары арқылы қазақ және орыс әдебиетінің құндылықтарын насихаттау, олардың әдебиет тарихындағы ерекше орнын көрсету және оқушылардың мәдени мұраға деген құрметін қалыптастыру болды.
Іс-шара барысында оқушылар Абай Құнанбаев пен Александр Пушкиннің өлеңдерін мәнерлеп оқып, олардың шығармаларындағы терең ойларды, адамгершілік құндылықтарды және поэзияның көркемдігін көрерменге жеткізе білді. Сонымен қатар, музыкалық және поэтикалық қойылымдар кештің мазмұнын толықтырып, ерекше атмосфера қалыптастырды.
Ұлы ақындардың шығармалары арқылы оқушылар поэзияға, әдебиетке және рухани құндылықтарға деген қызығушылықтарын көрсетті. Мұндай іс-шаралар жастардың эстетикалық талғамын қалыптастырып қана қоймай, олардың мәдени танымын кеңейтуге және әдеби мұраға құрметпен қарауға ықпал етеді.
Музыкалық-поэтикалық композицияға 9F және 8B сынып оқушылары белсенді қатысты.