logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

«Көктем-FEST 2026» мерекесі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мектеп қауымдастығын бір ортаға тоғыстырған жарқын іс-шаралардың біріне айналды

17 наурыз 2026 12:30

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне арналған бұл мерекелік бағдарлама оқушыларды, ұстаздарды және ата-аналарды біріктіріп, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.

Іс-шара барысында қазақ халқының салт-дәстүрлері кеңінен таныстырылып, ұлттық мәдениеттің ерекшеліктері көрініс тапты. Қатысушылар қазақ халқының бай мұрасымен жақынырақ танысып, ұлттық ойындарға белсенді қатысып, ерекше әсер алды. Түрлі қызықты сайыстар мен танымдық бағдарламалар мерекелік көңіл күйді одан әрі арттыра түсті.

Сонымен қатар, қонақтарға қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылып, ұлттық дастарқанның ерекшеліктері насихатталды. Мереке барысында қалыптасқан жылы атмосфера, көтеріңкі көңіл күй мен ортақ қуаныш сезімі барлық қатысушылардың есінде сақталатын ерекше сәттер сыйлады.

«Көктем-FEST 2026» тек мерекелік шара ғана емес, сонымен қатар ұлттық мәдениетті, дәстүр мен бірлікті дәріптейтін маңызды алаңға айналды. Осындай іс-шаралар оқушылардың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттырып, қоғамдағы ынтымақтастық пен сыйластықты нығайтуға ықпал етеді.

Фотогалерея

image-
image-
image-