logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

«Кітап әлемді бағындырады» атты дәстүрлі акция Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы Ұлттық кітап күніне орай ұйымдастырылды

23 сәуір 2026 17:00

Биылғы акцияға мектеп ұжымы мен 8-сынып оқушылары белсенді қатысты. Іс-шара барысында қатысушылар өзара кітап алмасып, сүйікті шығармалары, оқырмандық қызығушылықтары мен әдеби талғамдары туралы ой бөлісті. Сонымен қатар, оқушылар мен мұғалімдер жаңа әдеби туындылармен танысып, кітаптардың мазмұны мен тәрбиелік маңызы туралы пікір алмасты.

Акцияның ерекше бөліктерінің бірі әдеби кейіпкерлердің бейнесін жаңғырту болды. Қатысушылар танымал шығармалардың кейіпкерлері образында жұптасып, кітап алмасу рәсімін ерекше форматта өткізді. Арагорн мен Леголас, Кішкентай ханзада мен Раушан гүлі секілді танымал әдеби бейнелер шараның көркін арттырып, қатысушыларға ерекше әсер сыйлады.

Мұндай шығармашылық және танымдық бастамалар оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың әдеби дүниетанымын кеңейтуге және мәдени құндылықтарды тереңірек түсінуіне мүмкіндік береді. Кітап – білім мен рухани дамудың маңызды көзі ретінде әрдайым қоғам өмірінде ерекше орын алады.

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-