logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Отан қорғаушылар күніне орай «Ұқыпты шеру – қуатты дауыстар» атты патриоттық ән шеруі ұйымдастырылды

08 мамыр 2026 14:02

Іс-шара барысында қатысушылар саптық дайындықтарын көрсетіп, әскери-патриоттық әндерді орындау арқылы өздерінің шығармашылық қабілеттері мен жоғары дайындық деңгейін танытты. Әр сыныптың өнер көрсетуі тәртіптілікпен, бірлікпен және командалық үйлесімділікпен ерекшеленді. Қатысушылардың сахна мәдениеті, саптық қозғалыстары және орындаушылық шеберлігі көрермендердің ерекше ықыласына бөленді.

Сонымен қатар, бағдарлама аясында түрлі қызықты сайыстар ұйымдастырылып, оқушылар белсенді қатысып, өздерінің шапшаңдықтарын, ұйымшылдықтарын және командалық рухтарын көрсетті. Мұндай іс-шаралар оқушылардың өзара қарым-қатынасын нығайтып қана қоймай, олардың бойындағы көшбасшылық және жауапкершілік қасиеттерді дамытуға ықпал етеді.

Байқау қорытындысы бойынша:
🥇 І орын — 11D сыныбы
🥈 ІІ орын — 11I сыныбы
🥉 ІІІ орын — 11C сыныбы

Мұндай патриоттық іс-шаралар жастардың азаматтық ұстанымын қалыптастырып, елге деген құрмет пен жауапкершілік сезімін арттыруда маңызды рөл атқарады.

Фотогалерея

image-
image-