logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

«Сызық пен бақылау әлемі» атты Балтемирова Камиланың жеке көрмесі ұйымдастырылды

18 мамыр 2026 14:06

Экспозицияға соңғы екі жыл ішінде орындалған 40-тан астам графикалық және кескіндеме жұмыстары қойылды. Ұсынылған шығармалар арқылы көрермендер автордың академиялық шеберлігін ғана емес, сондай-ақ образдың мінезін, көңіл күйін және ішкі мазмұнын сезіне білу қабілетін байқай алды. Әрбір туындыда жас суретшінің өзіндік көзқарасы, шығармашылық ізденісі мен ерекше қолтаңбасы көрініс тапқан.

Көрмеде ерекше орын алған жұмыстардың бірі – қарапайым қарындашпен салынған графикалық портреттер болды. Жарық пен көлеңкенің, сызықтардың нәзік үйлесімі арқылы автор кейіпкерлердің эмоциясын, ішкі жан дүниесін және дара ерекшеліктерін шебер жеткізе білген. Сонымен қатар көрермендер қозғалысты бейнелейтін жылдам нобайларды, шығармашылық тәжірибелер мен ізденіс жұмыстарын да тамашалау мүмкіндігіне ие болды.

Камиланың шығармашылық жұмыстары байқағыштықпен, ұқыптылықпен және үздіксіз дамуға деген ұмтылысымен ерекшеленеді. Бұл көрме тек шығармашылық жетістіктердің көрінісі ғана емес, сонымен қатар автордың ішкі әлемінің, қоршаған орта сұлулығына деген көзқарасының және өнерге деген сүйіспеншілігінің жарқын көрінісі болды.

Фотогалерея

image-
image-