logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

«Qmovie» аудару және дыбыстау клубының ұйымдастыруымен жазғы лагерьдің соңғы күндерінің бірі ерекше шығармашылық атмосферада өтті

12 маусым 2026 14:13

Бағдарлама барысында лагерь қатысушылары клуб мүшелері дайындаған шығармашылық жұмыстарды тамашалап, дыбыстау процесінің ерекшеліктерімен танысты. Қатысушылар кейіпкерлерге дауыс беру, эмоцияны жеткізу және дыбыстау барысында қолданылатын түрлі тәсілдер туралы пайдалы ақпарат алды.

Іс-шараның ең қызықты сәттерінің бірі – балалардың өздерін дубляж саласында сынап көру мүмкіндігі болды. Әрбір қатысушы микрофон алдында жұмыс істеп, түрлі кейіпкерлердің рөлдерін дыбыстауға қатысып көрді. Бұл тәжірибе олардың шығармашылық мүмкіндіктерін ашып қана қоймай, сөйлеу мәдениетін, сенімділігін және сахналық дағдыларын дамытуға ықпал етті.

Мұндай шығармашылық кездесулер балалардың қызығушылығын арттырып, олардың жаңа бағыттарды танып-білуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл іс-шара жазғы лагерь бағдарламасының жарқын әрі есте қаларлық бөлімдерінің біріне айналды.

Осылайша, биылғы жазғы лагерь өз мәресіне жетіп, қатысушылар үшін қызықты кездесулерге, жаңа достарға, жарқын эмоциялар мен пайдалы тәжірибелерге толы ерекше кезең ретінде есте қалды.

Фотогалерея

image-
image-