Жаңалықтар
NIS педагогтері мен қызметкерлері арасында ұйымдастырылған желілік спартакиада жоғары деңгейде өтіп, қатысушыларға өздерінің спорттық дайындықтарын, шеберліктерін және командалық рухтарын көрсетуге мүмкіндік берді.
17 маусым 2026 14:23
Спорттық жарыс салауатты өмір салтын насихаттау, ұжымдық бірлікті нығайту және әріптестер арасындағы ынтымақтастықты арттыру мақсатында өткізілді.
Спартакиада барысында қатысушылар әртүрлі спорт түрлері бойынша бақ сынап, жоғары дайындық деңгейін, табандылық пен жеңіске деген ұмтылыстарын көрсетті. Әр кезең тартысты әрі қызықты өтіп, командалар өзара ұйымшылдық пен қолдаудың жарқын үлгісін көрсете білді.
Жарыс қорытындысы бойынша мектебіміз бірқатар спорт түрлерінде жоғары нәтижелерге қол жеткізді:
🥇 Волейбол – І орын
🥈 Шахмат – ІІ орын
🥉 Арқан тартыс – ІІІ орын
Көрсетілген нәтижелердің негізінде мектебіміз жалпыкомандалық есепте ІІІ орынды иеленді. Бұл жетістік қатысушылардың қажырлы еңбегінің, командалық үйлесімділіктің және жеңіске деген ортақ ұмтылыстың нәтижесі болды.
Мұндай спорттық іс-шаралар дене белсенділігін арттырумен қатар, әріптестік қарым-қатынасты нығайтып, командалық рухты дамытуға ықпал етеді.