logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

🎨 Өнер – елдерді біріктіреді Мектебіміздің суретші-педагогі Ильсуяр Казакова Түркияның Акчаабат қаласы муниципалитетінің ұйымдастыруымен өткен XIII Халықаралық көркемсурет симпозиумына қатысты.

03 қыркүйек 2026 16:14

Симпозиум бағдарламасы мазмұнды әрі әсерлі өтті. Қатысушылар шығармашылық шеберханада жұмыс істеп, Қара теңіз жағалауының мәдениетімен және көркем табиғатымен танысты. Сонымен қатар Ильсуяр Казакова Акчаабат қаласының балалары мен олардың ата-аналарына арналған кескіндеме бойынша шеберлік сағатын өткізді.

Іс-шара әртүрлі елдерден келген суретшілердің шығармалары ұсынылған қорытынды көрмемен аяқталды. Көрменің салтанатты ашылуына Акчаабат қаласының әкімі, муниципалитет пен мемлекеттік құрылымдардың жоғары лауазымды өкілдері, мәдениет қайраткерлері, құрметті қонақтар, сондай-ақ Ресей Федерациясының консулы қатысты.

Бұл сапар жаңа кәсіби байланыстар орнатып, жарқын әсерлер мен шығармашылық шабыт сыйлады.

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-