Жаңалықтар
Welcome Party: достыққа бастар алғашқы қадам
28 қыркүйек 2026 08:32
Ақтөбе қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне жаңадан қабылданған 5 және 7-сынып оқушыларына арналған Welcome Party тимбилдингі ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында оқушылар түрлі спорттық ойындарға қатысып, қызықты квиздерде бақ сынады. Командалық тапсырмалар арқылы олар бір-бірімен жақынырақ танысып, жаңа достар тауып, өзара ынтымақтастық пен командалық рухты нығайтуға мүмкіндік алды.
Көңілді әрі әсерлі өткен кездесу оқушылардың жаңа ортаға бейімделуіне, өзара достық қарым-қатынас орнатуына және алдағы оқу жылын көтеріңкі көңіл күймен бастауына ықпал етті.