Жаңалықтар
Республикалық ғылыми жобалар байқауының жүлделері
21 ақпан 2025 17:00
2025 жылдың 18-21 ақпаны аралығында Ақтөбе қаласында өткен республикалық ғылыми жобалар конкурсының жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша өтті. Бұл конкурстың қорытынды кезеңінде 433 ғылыми жоба ұсынылып, 577 оқушы өз жобаларын қорғады.
Конкурс оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметін ынталандыру, талантты жас зерттеушілерді анықтау, қолдау көрсету және халықаралық ғылыми жарыстарға қатысуға дайындау мақсатында ұйымдастырылды.
Ғылыми жобалар ашық көрме форматында 10 секция бойынша санитарлық және қоғамдық тәртіп талаптарын сақтай отырып өткізілді.
Қазылар алқасына еліміздің ірі университеттерінің 60 жетекші ғалымы мен оқытушысы енді. Әр жоба ғылыми жаңалығы, зерттеу әдістемесі, өзектілігі және безендіру сапасы сияқты негізгі критерийлер бойынша бағаланды.
Байқау нәтижесінде Ақтөбе қаласы ФМБ НЗМ оқушылары бірнеше жүлделі орындарға ие болды. Олардың ішінде «Информатика» секциясында Нұрлыбай Ұзақбаевтың жетекшілігімен 1-орынға 10 «D» сынып оқушысы Джафар Мажитов пен 11 «Н» сынып оқушысы Керей Бердышев ие болды. «Технология» секциясы бойынша 9 «F» сынып оқушылары Мадияр Махмет пен Диас Жолдас құрметті 3 орынға иеленді, жоба жетекшілері Гүлім Байболсын мен Лаура Мандибаева болды. Экономика секциясы бойынша Гүлбаршын Төремұратованың жетекшілігімен 11 «B» сынып оқушысы Аружан Бекниязова мен 11 «С» сынып оқушысы Нұрай Бағдат 3 орынды иеленді. Физика секциясына қатысқаны үшін 9 «D» сынып оқушылары Бектай Тыныштық пен Мадениат Нұрланбек, жоба жетекшісі Перизат Кәрімбердиева сертификатпен марапатталды.
Конкурстың ұйымдастырушылары болған Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен Ақтөбе облысы білім басқармасының «Ақтөбе дарын» өңірлік орталығы.
Айта кетейік, 2025 жылдың 25-28 ақпан аралығында Атырау қаласында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының төртінші кезеңі өтеді.