Жаңалықтар
Шабыттандыратын сыйлық ұсынылды
26 ақпан 2025 14:29
Мектептің туған күніне орай әдеби қонақ бөлмесінің жетекшілері Ақкүріш Айткұлова мен Бибігүл Жакиева 7, 9, 11, 12-сынып оқушыларымен бірге мектепке «Ең маңыздысы… махаббат туралы!» атты поэзия кешін сыйлады.
Сахнада қазақ, орыс және әлем әдебиетінің ұлы ақындарының шығармалары шырқалды. Олардың қатарында Саят Әбенов, Мұқағали Мақатаев, Уильям Шекспир, Виктор Цой, Фариза Оңғарсынова және басқа да ақындар бар.
«Мұғалім» мен «оқушы» шекарасы жойылып, біртұтас «театр труппасы» ретінде қатысушылар көрермендерді поэзия мен шабыт әлеміне жетеледі.
Өйткені күнделікті өмірдің қарбаласында өнерден ләззат алуға мүмкіндік табыла бермейді. Бұл поэзия кеші оқу үдерісі мен әдебиетті байланыстыратын алтын көпірге айналды.
Әрбір қатысушыны көрермендер зор қошеметпен қарсы алды. Айта кетерлігі, кешке ата-аналар да қатысты. 9-сынып оқушысының анасы Салтанат Нұрманова ұлы екеуі ақын Наталья Подорожнаяның «Анашым, мен әрқашан сүйікті боламын ба?» атты өлеңін оқыды. Ана мен баланың жүрек тебірентерлік орындауын тамашалаған жұрт көз жасын әрең ұстады.
Сондай-ақ 11-сынып оқушысының әкесі Ерғали Құрманғалиев сүйікті қызына арнаған әсерлі өлеңін оқып, көрермен жүрегін елжіретті.
Әсіресе, 9-сынып оқушысы Салтанат Жакенова ерекше актерлік шеберлігімен көзге түсті. Ол әйгілі қазақстандық жазушы Мұхтар Шахановтың «Ғашықтар ғаламаты» шығармасынан үзінді оқыды. Салтанат ана рөлінде болып, қызы үшін алаңдаған ананың жан тебірентерлік көрінісін шынайы жеткізді.
Сценарий жазуға оқушылардың өздері де қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, дайындық бар болғаны бір аптаға созылған. «Қысқа мерзімде бәрін қалай үлгердіңіздер?» деген сұраққа олар: «Барлығы өте жеңіл өтті! Себебі біз ең маңызды тақырыпқа сөйлестік – ол махаббат туралы!», деп жауап берді.