Жаңалықтар
Мұғалімдер мен мектеп ұжымына алғыс
03 наурыз 2025 11:47
Ақтөбедегі НЗМ оқушылары өз құттықтауларында мектеп ашылған күннен бастап еңбек етіп келе жатқан ұстаздар мен қызметкерлерге алғыстарын білдірді.
12 жыл бойы олар мектептің дамуы мен өркендеуінің куәсі, белсенді қатысушылары. Олардың еңбектерінің арқасында оқушылар әлемді танып, жаңа көкжиектерді ашуда және болашақты құруға қажетті білім алуда.
Олардың жан-жақтылығы, шыдамдылығы және әр оқушыға деген қамқорлығы үлкен жетістіктерге жетелейді.
Әрдайым ата-аналардың, оқушалардың, әріптестеріңіздің алғысына бөленіп жүруіңізге тілектеспіз!









