Хабарландырулар
SCIENCE FAIR – 2026 оқушылардың IV өңірлік ғылыми жобалар конференциясы
Астана қаласы Нұра ауданындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 7–12 сынып оқушыларын 2026 жылдың 17 сәуірінде өтетін ауқымды ғылыми шараға қатысуға шақырады (мекенжайы: Хұсейн бен Талал к-сі, 21). Science Fair 2026 — жас зерттеушілердің тың идеяларын таныстыруға, зерттеу дағдыларын дамытуға және жетекші сарапшылармен кәсіби тәжірибе алмасуға арналған бірегей алаң.
Іс-шара бағдарламасында:
Ғылыми жобалар конкурсы және секциялық баяндамалар.
Жобалар жәрмеңкесі (Жобалар аллеясы): макеттер мен прототиптерді көпшілікке таныстыру.
Шықырылған мамандардан мастер-кластар.
Қатысу шарттары: Конкурсқа жалпы білім беретін және Зияткерлік мектептердің оқушылары шақырылады. Жобалар жеке немесе жұптық (2 автордан көп емес) форматта қабылданады. Бір қатысушы 18 секцияның бірі бойынша тек бір жоба ұсына алады. Конкурс бағыттары жаратылыстану-математикалық және гуманитарлық ғылымдарды (физика, робототехника, IT, экономика, психология, әлеуметтік жобалар және т.б.) қамтиды. Өткізілу тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Тіркелу және мерзімі: Өтінімдер 2026 жылғы 3 сәуірге (сағат 15:00-ге) дейін қабылданады. Қатысу үшін мектептің ресми сайтындағы онлайн-тіркеу нысанын толтыру қажет. Жобаларды қорғау (екінші кезең) 17 сәуірде өтеді.
Марапаттау: Жеңімпаздар I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталады, ал екінші кезеңнің барлық қатысушыларына арнайы сертификаттар беріледі.
Science Fair – 2026: Даму, инновация, жетістік. Еліміздің зияткерлік әлеуетін бірге арттырайық!