Жаңалықтар
🌱NIS тәжірибесін трансляциялау: Мектеп кітапханаларындағы инновациялық жұмыс формаларын дамыту
28 ақпан 2025 12:32
Бүгін «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ филиалдарының кітапханашылары «Оқуды насихаттауда шығармашылық әдіс-тәсілдер арқылы, мектеп кітапханасындағы инновациялық жұмыс формаларын дамыту» атты тәжірибе алмасу семинарын өткізді. Осы семинарға Астана қаласындағы жалпы білім беретін мектептер мен Binom School мектеп-лицеяларының кітапханашылары қатысты.
Семинардың негізгі мақсаты – мектеп кітапханашыларының кәсіби біліктілігін арттыру, ақпараттық сауаттылығын дамыту және оқуды насихаттаудың қазіргі заманғы әдістерімен таныстыру.