logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

🌱Елордадағы NIS-те «Алғысым шексіз» атты мерекелік концерт өтті

04 наурыз 2025 12:32

Зияткерлік мектебімізде көктемнің алғашқы мерекесі – Алғыс айту күніне орай «Алғысым шексіз» атты мерекелік концерт өтті.

Шараны мектебіміздің «Жалын» домбыра оркестрі күмбірлеген күймен ашып, мектеп ұжымына арнап ата-аналар жылы лебіздері мен жүрекжарды тілектерін білдірді. Концертке мектеп ұстаздары, оқушылар мен ата-аналар қатысып, мерекелік атмосфераны жандандыра түсті.

Өнерлі зияткерлер мен ұстаздар сахнада ата-анаға, ұстазға, жақын жандарға алғыстарын білдіріп, өлең жолдарын мәнерлеп оқыды. Концерттің әсерлі нүктесін «Дәстүр» тобы орындаған попурри әндері қойды.

Фотогалерея

image-
image-
image-