Жаңалықтар
🌱Педагогикалық идеялар фестивалі: заманауи оқыту әдістері мен жаңа тәсілдер
06 наурыз 2025 10:23
Елордадағы физика-математика бағытындағы NIS-те Педагогикалық идеялар фестивалі ұйымдастырылды. Бұл шараның басты мақсаты – заманауи педагогикалық әдістерді таныстыру, үздік тәжірибелер мен тың идеяларды анықтау, сондай-ақ мұғалімдердің кәсіби дағдыларын дамыту.
Фестиваль аясында мектеп мұғалімдері оқушылардың қызығушылығын арттыру әдістерімен бөлісті. Кәсіби алаңдарда мектеп ұстаздары шағын шеберлік сабақтарын өткізіп, өздерінің жаңашыл әдіс-тәсілдерін таныстырды.
Бұл фестиваль жыл бойындағы маңызды әдістемелік шаралардың бірі болып, әріптестердің өзара тәжірибе алмасуына, жаңа идеялармен қарулануына мүмкіндік берді.