logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

🌱Мектеп зияткерлері «Жас Әл-Фараби» конференциясынан жүлделі орындар иеленді

12 наурыз 2025 11:48

22 ақпанда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұйымдастырған «Жас Әл-Фараби» республикалық ғылыми-зерттеу конференциясына қатысқан мектеп зияткерлері жүлделі орындарға ие болды. Биылғы конференция Қазақстан халқы Ассамблеясы және Жұмысшы мамандықтар жылына орай өткізілді.

Конференцияда оқушылар өздерінің теориялық, эксперименттік және қолданбалы сипаттағы ғылыми жұмыстарын, сондай-ақ ғылыми өнертабыстарын ұсынды.

🏆Жеңімпаздар:

І орын (Этномәдениеттану секциясы) – 9-сынып оқушысы Айша Ахмет, жетекшісі Айнұр Қыдырмолдина (биология ғылымдарының кандидаты, доцент).

ІІ орын (Медицина және биология секциясы) – 11-сынып оқушысы Анель Абеуова мен 10-сынып оқушысы Ұлпан Молдаш, жетекшілері Ардақ Нурышева мен Айман Тлеубергенова (биология пәні мұғалімдері).

ІІІ орын (География, өлкетану, экология секциясы) – 8-сынып оқушысы Мұса Дукенбаев, жетекшілері Айнұр Қыдырмолдина (биология ғылымдарының кандидаты, доцент) және Динара Есмағамбетова (информатика пәні мұғалімі).

Жас ғалымдарды жеңістерімен құттықтаймыз! 👏✨

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-