logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Мектеп оқушылары Astana IT University өкілдерімен кездесті

12 наурыз 2025 15:05

Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы NIS-те әлемнің жетекші университеттерінің өкілдерімен тұрақты кездесулер өткізіледі. Айта кететін жайт, аталған басқосулар оқушыларға оқу бағдарламалары, гранттар мен стипендиялар туралы өзекті ақпарат алуға мүмкіндік береді.

4 наурыз күні мектебімізде Astana IT University ғылым докторы Ха Джин Хванг және университет өкілі Алуа қонақта болып, оқушыларға оқу орны ұсынатын мүмкіндіктер жайлы жан-жақты ақпарат берді.

Кездесу барысында келесі маңызды мәселелер талқыланды:

📌 Қажетті құжаттар тізімі

📌 Абитуриенттерге қойылатын талаптар

📌 Грант алу мүмкіндіктері

📌 Бакалавриат бағдарламаларына шолу

Айта кетейік, бұл кездесулер оқушыларға болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға және жоғары оқу орнына түсуге жақсы дайындалуға көмектеседі.

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-