logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

🌱📖«NIS бірге оқиық» жобасы аясында әдеби талқылау

17 наурыз 2025 12:03

14 наурыз күні Зияткерлік мектебімізде «NIS бірге оқиық» жобасы аясында 8 сыныптар қазақтың көрнекті жазушысы Шерхан Мұртазаның «Интернат наны» әңгімесін талқылады. Әңгіме интернатта оқитын баланың тағдыры мен тұрмыс-тіршілігін, сол кезеңдегі қоғамның шындығын бейнелейді.

Талқылау барысында оқушылар дәстүрлі әдістерден бөлек, ерекше форматтағы тәсілдерді қолданып, әңгіменің мазмұны мен маңызын тереңірек зерттеді. Әр топ оқиғаның белгілі бір тұсын әртүрлі қырынан қарастырып, өз ойларын ортаға салды. Талқылау барысында қазіргі заманмен байланысы және бүгінгі жастарға берер тағылымы мол екенін де атап өтті.

Бұл әдеби талқылау оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамытуға, шығарманы терең түсініп, оны қазіргі өмірмен байланыстыруға мүмкіндік берді. Осындай мағыналы кездесулер қазақ әдебиетіне деген қызығушылықты арттырып қана қоймай, оқушыларды өмірлік құндылықтар туралы ойлануға жетелейді.

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-