Жаңалықтар
🌱Мектеп зияткері Тамирлан Наурзбаев халықаралық I-FEST² ғылыми фестивалінде күміс медаль иеленді
01 сәуір 2025 13:35
Тунисте өткен халықаралық I-FEST² ғылыми фестивалінде Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Тамирлан Наурзбаев күміс медальға ие болды. Оның «AirSense – смартфон арқылы басқарылатын ауа сапасын бақылау жүйесі» атты инженерлік жобасы 30 үздік әзірлеменің қатарына енді.
2025 жылдың 21-27 наурызы аралығында өткен I-FEST² – инженерлік ғылымдар мен технологиялардың халықаралық фестиваліне 40 елден келген командалар қатысты.
9Н сынып оқушысы Тамирлан Наурзбаевтың осы байқауда өнер көрсетуін International Centre of Scientific Collaborations #ICSC ұйымдастырды. Жоба «Балалар ғылымда» @deti_v_nauke бастамасы аясында жүзеге асырылды.