Жаңалықтар
Елордалық NIS оқушылары Kazrockets Aerospace Tournament 2025 байқауында алтын жеңіп алды
03 маусым 2025 15:21
NIS оқушылары Kazrockets Aerospace Tournament 2025 халықаралық турниріне қатысып, жоғары нәтиже көрсетті. МРН – Модельді Зымыран-Тасығыштар санатында олар 1-орын мен 3-орынды иеленсе, S3A – Құтқару парашюттік жүйесі бар зымырандар санатында 1-орынға ие болды.
Дастан Мүсірепов пен Адиханов Наджмудиннен құралған Super Pay Garty командасы байқау қорытындысы бойынша 250 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлыққа, Қытайдағы NUAA Summer School 2025 жазғы мектебіне қатысу үшін 50 пайыздық жеңілдікке ие болып, Байқоңырда өтетін халықаралық турнирге жолдама алды.
Олардың жобасы ұшу биіктігін дәл тіркейтін арнайы құрылғымен жабдықталып, техникалық жағынан өзге жұмыстардан ерекшеленді.
Біз оқушыларымызға алдағы уақытта да шығармашылық шабыт, тың ғылыми жетістіктер мен биік белестерді бағындыруды тілейміз!