logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Астаналық ФМБ НЗМ оқушылары республикалық олимпиадада үздік нәтиже көрсетті!

22 мамыр 2025 15:00

Астанада 7–8-сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау салтанаты өтті.

Қорытынды кезеңге еліміздің барлық өңірлерінен 530-дан астам оқушы қатысты. Қатысушылар жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша жоғары деңгейдегі білімдерін көрсетті.

Олимпиада нәтижесі бойынша Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары жоғары нәтиже көрсетті: биология пәні бойынша Ілияс Сүйіндіков 1-орынға, Айдана Сембай 3-орынға ие болса, физика пәні бойынша Сұлтанәлі Рахманқұл 2-орын иеленді.

Оқушыларымызды шын жүректен құттықтай отырып, жаңа ізденістер мен биік белестерді бағындыруды тілейміз!