logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

NIS оқушылары WRO республикалық кезеңінде жеңіске жетті

21 маусым 2025 12:31

Шымкент қаласында өткен World Robot Olympiad 2025 (WRO) халықаралық робототехника олимпиадасының республикалық кезеңінде еліміздің түрлі аймақтарынан келген 300-ге жуық оқушы бақ сынасты. Байқау төрт негізгі санат бойынша ұйымдастырылды: RoboMission, Future Innovators, RoboSports, және Future Engineers.

Назарбаев Зияткерлік мектебінің (NIS) оқушылары республикалық кезеңде тамаша нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарды иеленді:

Жәнібек Данабек пен Дастан Мүсрепов – І орын;

Жанарыс Капаров пен Саян Орынбек – І орын;

Асылжан Сайлау – II орын;

Тарғын Файзұлла мен Әлім Дәулетбек, Арнур Тогамбаев – ІІІ орын;

Семен Чистяков пен Наджмудин Адиханов«Үздік рейтинг» номинациясының жеңімпаздары;

Тәукен Фазыл мен Мәди Парман – VIII орын иеленді.

Республикалық кезеңнің жеңімпаздары 2025 жылы 28-29 қарашада Сингапурда өтетін World Robot Olympiad халықаралық финалында Қазақстанның намысын қорғайтын болады.

Барлық жеңімпаздарды құттықтап, оларға болашақта жоғары жетістіктер тілейміз!