logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

IChO-2025 Халықаралық химия олимпиадасындағы алтын жүлделер

14 шілде 2025 16:05

Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында 57-ші Халықаралық химия олимпиадасы (International Chemistry Olympiad, IChO-2025) өтті. Олимпиадаға 93 елден 360-тан астам дарынды оқушы қатысты. Қатысушылар теориялық және практикалық екі кезең бойынша сайысып, органикалық, аналитикалық және физикалық химия салаларындағы терең білімдерін көрсетті.

Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушылары Кирилл Ким мен Абылай Қабдолқадыр екі алтын медаль жеңіп алды.

Кирилл Ким үшін бұл Халықаралық химия олимпиадасындағы екінші алтын жүлде оның жоғары деңгейдегі дайындығы мен тұрақты еңбегінің нәтижесі екендігін дәлелдейді. Абылай Қабдолқадыр өткен жылы күміс жүлдеге ие болса, биыл өз нәтижесін жақсартып, алтын медальға қол жеткізді.

Оқушыларымызды, олардың білікті жетекшілерін және ата-аналарын осы маңызды жетістікпен шын жүректен құттықтаймыз. Болашақта жаңа табыстар мен жарқын жеңістер тілейміз!