logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

🌱NIS оқушысы IPhO 2025 халықаралық олимпиадасында күміс медаль жеңіп алды

25 шілде 2025 08:00

Франция астанасы Париж қаласында әлемнің үздік жас физиктері бас қосқан 54-Халықаралық физика олимпиадасы (International Physics Olympiad, IPhO) өтті.

Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 Е сынып оқушысы Әмірбек Азатбеков жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, күміс медальға ие болды.

Бұл жетістігі арқылы Әмірбек терең білімін, табандылығын және ғылымға деген құштарлығын дәлелдеп, Қазақстанның намысын халықаралық аренада абыроймен қорғады.

Талантты шәкіртімізді лайықты марапатымен шын жүректен құттықтай отырып, оған жаңа жеңістер, биік белестер мен ғылым жолында толағай табыстар тілейміз!