logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

NIS оқушысы IBO-2025 халықаралық биология олимпиадасында қола медаль жеңіп алды

26 шілде 2025 15:00

Филиппиннің Кесон-Сити қаласында өткен Халықаралық биология олимпиадасында (IBO-2025) Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Айғаным Балташова қола медаль жеңіп алды.

Биылғы білім сайысына әлемнің 80 елінен 300-ге жуық үздік оқушы қатысып, теориялық және практикалық кезеңдерде биология саласындағы терең білімдері мен дағдыларын көрсетті. Олимпиада тапсырмалары жасушалық және молекулалық биология, анатомия, генетика, экология мен эволюция сынды маңызды ғылыми бағыттарды қамтыды.

Айғанымды осы айтулы жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Халықаралық деңгейдегі бұл жеңіс – талмай еңбектенудің, білімге деген құштарлықтың және табандылықтың жемісі. Алдағы ғылыми ізденістеріне сәттілік тілейміз!