logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

NIS оқушысы Бакуде өткен Халықаралық экономика олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды

28 шілде 2025 22:30

Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Батырхан Мұхтархан Бакуде өткен Халықаралық экономика олимпиадасында (International Economics Olympiad – IEO) алтын медаль иеленді.

Биылғы зияткерлік сайысқа 53 елден 300-ден астам оқушы қатысты. Қатысушылар экономикалық теория, қаржылық сауаттылық және бизнес-кейстерді шешу бойынша өз білімдері мен дағдыларын көрсетті.

Батырхан жоғары нәтиже көрсетіп, өзінің терең академиялық дайындығы мен халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Батырхан Мұхтарханды және оны білімге жетелеген ұстаздарын шын жүректен құттықтаймыз!