Жаңалықтар
NIS оқушылары Президентпен кездесті
11 тамыз 2025 17:00
🌱Ақордада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы NIS оқушыларымен кездесті.
Салтанатты жиынға мектебіміздің халықаралық пән олимпиадаларының жеңімпаздары — Кирилл Ким және Абылай Қабдулхадыр (57-ші Халықаралық химия олимпиадасының (IChO, Дубай) алтын медаль иегерлері), 54-ші Халықаралық физика олимпиадасының (IPhO, Париж) күміс медаль жүлдегері Әмірбек Азатбеков, сондай-ақ Халықаралық биология олимпиадасының (IBO-2025, Кесон-Сити) қола медаль иегері Айғаным Балташова қатысты.
Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жас дарындарды білім саласындағы зор жетістіктерімен құттықтап, олардың халықаралық аренада ел намысын биік деңгейде қорғағанын ерекше атап өтті.
Кездесу барысында оқушылар атынан халықаралық олимпиадаларда жоғары нәтижелерге қол жеткізген алтын медаль иегері Кирилл Ким сөз сөйлеп, оқушыларға көрсетілген қолдау мен сенім үшін алғысын білдірді.


