Жаңалықтар
NIS оқушысы Амира Шабарова халықаралық олимпиадаларда алтын және күміс медаль жеңіп алды
02 тамыз 2025 17:00
Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы NIS оқушысы Амира Шабарова халықаралық екі олимпиадаға қатысып, білім мен интеллектуалдық қабілеттерін дәлелдеп жүлдегер атанды!
Бірінші олимпиада Xcel Olympiad, Калифорния университетінің Лос-Анджелес кампусында (UCLA) өтті. Бұл олимпиадада әлемнің түкпір-түкпірінен келген оқушылар білім, логика, шығармашылық және инновация саласында бәсекеге түсті. Бұл халықаралық шара дарынды балалардың қабілетін математикадан бастап өнерге, робототехникадан когнитивті ойлауға дейінгі әртүрлі салаларда ашуға бағытталған. Амира «Логика» номинациясы бойынша алтын медальға ие болды.
Екінші Copernicus Olympiad Нью-Йорктегі Колумбия университетінде ұйымдастырылып, 26 елдің қатысушыларын біріктірді. Оқушылар математика, жаратылыстану ғылымдары, физика мен астрономия, кинофестиваль және кәсіпкерлік бағыттары бойынша бақ сынады. Амира «Математика» номинациясы бойынша күміс медаль иеленді.
Амирa Шабарованы жоғары жетістіктерімен құттықтай отырып, халықаралық аренада жаңа жеңістер тілейміз!