logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Қазақстан Республикасының Президенті биология пәнінің мұғалімі Рысжан Жайрбаеваны «Құрмет» орденімен марапаттады

15 тамыз 2025 16:00

Астана қаласы Нұра ауданындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің биология пәні мұғалімі Рысжан Жайрбаева Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Құрмет» орденімен марапатталды.

Бұл жоғары мемлекеттік награда Рысжан Жайрбаеваның білім беру саласындағы ерекше жетістіктері, еліміздің оқу-ағарту жүйесін дамытуға қосқан айрықша үлесі, сондай-ақ халықаралық пәндік олимпиадаларда Қазақстанның атын әлемге танытқан дарынды шәкірттерді дайындағаны үшін республикалық тамыз конференциясы аясында табысталды.

Әріптесімізді осы мәртебелі марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық шабыт, кәсіби табыс және алдағы уақытта жаңа белестерді бағындыру жолында толағай жетістіктер тілейміз.