logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

🌱 NIS оқушылары Қытайда өткен IESO халықаралық олимпиадасында екі алтын мен қола медаль жеңіп алды

17 тамыз 2025 10:00

Қытайдың Цзинин қаласында мектеп оқушыларына арналған ең беделді халықаралық зияткерлік сайыстардың бірі Жер туралы ғылымдар бойынша халықаралық олимпиада (International Earth Science Olympiad, IESO) өтті.

Биыл олимпиадаға әлемнің 30 елінен 200-ден астам оқушы қатысты. Қатысушылардың жұмыстары үш бағыт бойынша сыналды:
Жеке тест Жер туралы ғылымдар бойынша теориялық білімді тексеру;
EPS (Earth Project Study) кешенді ғылыми мәселені шешуге арналған командалық жоба жұмысы;
ITFI (International Team Field Investigation) халықаралық командаларда далалық тәжірибелік зерттеу және нәтижесін қорғау.

Астана қаласы Нұра ауданындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің (NIS) оқушылары Қазақстан намысын абыроймен қорғап, жоғары жетістіктерге жетті. Мектебіміздің 10-сынып оқушысы Альнур Тұрсынханов EPS (Earth Project Study) бағыты бойынша алтын медаль, ITFI (International Team Field Investigation) бағыты бойынша қола медаль иеленсе, 12-сынып оқушысы Алина Айтжанова EPS (Earth Project Study) бағыты бойынша алтын медаль жеңіп алды.

NIS оқушыларының халықаралық олимпиададағы жеңісі қазақстандық мектеп оқушыларының жоғары дайындық деңгейін және олардың әлемдік білім беру кеңістігіндегі бәсекеге қабілеттілігін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Оқушыларымыздың бұл жетістігі олардың табандылығы мен білімге деген ұмтылысының, ұстаздарының кәсіби еңбегінің және ата-аналарының қолдауының нәтижесі. Алдағы уақытта да шәкірттеріміздің әлемдік білім кеңістігінде жоғары нәтижелерге қол жеткізе беретініне сенім білдіреміз!