logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

NIS оқушысы ECO FEST Turaqty Jol 6.0 форумында жүлдегер атанды

18 тамыз 2025 17:21

Астана қаласы Нұра ауданындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7F сынып оқушысы Мұрат Иманғали Алматы қаласында UNESCO қолдауымен өткен ECO FEST Turaqty Jol 6.0 жастар эко-форумына қатысты.

Жас зерттеуші экология саласындағы QAZAQ INSIGHT жобасын қорғап, топтық құрам II орын иеленді.

Форум финалы Narxoz University алаңында өтіп, Қазақстанның түрлі аймақтарынан келген 70-тен астам дарынды оқушылар мен студенттерді біріктірді. Қатысушылар экология, өнер, медиа және инновациялар саласындағы идеяларын ұсынды.

Оқушымызды лайықты жетістігімен құттықтай отырып, алдағы уақытта биік белестерді бағындыруға тілектестік білдіреміз!