Жаңалықтар
NIS оқушысы Халықаралық астрономия және астрофизика олимпиадасына қатысты
21 тамыз 2025 16:20
Мумбай қаласында Астрономия және астрофизика бойынша халықаралық олимпиада (IOAA, International Olympiad on Astronomy and Astrophysics) өтті.
Олимпиада жас ғалымдар мен зерттеушілер үшін ғарыш және ғылым саласында өз дағдыларын жетілдіруге арналған маңызды жарыс. IOAA олимпиадасы сыни ойлау, командалық жұмыс дағдыларын, ғылыми дәлелдемелерді қолдану қабілеттерін дамытуға ықпал етеді. Сонымен қатар, бұл шара жастарды ғылым мен ғарыш саласында мансап құруға шабыттандырып, болашақ зерттеушілердің сыни ойлау қабілеттерінің қалыптасуына әсер етеді.
Астана қаласы Нұра ауданындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7 сынып оқушысы Дамир Құрман Қазақстан құрамасы атынан олимпиадаға қатысып, грамотамен марапатталды.