logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

NIS оқушысы экономикадан әлемдік олимпиаданың алтын медалін жеңіп алды

25 тамыз 2025 15:49

🌱 Астана қаласы Нұра ауданындағы жаратылыстану-математика бағытындағы NIS оқушысы Батырхан Мұхтархан Грекия елінде өткен халықаралық экономика олимпиадасының (Economics Olympiad International Final Round 2025) финалдық кезеңінде алтын медаль жеңіп алды.

Бұл беделді зияткерлік сайысқа әлемнің 28 елінен 130-дан астам оқушы қатысты. Олимпиада қатысушылардың аналитикалық және сыни ойлау қабілетін, экономикалық үдерістерді терең түсінуін, теориялық білімді практикалық тапсырмаларда қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.

Батырханның жеңісі ~ оның терең білімінің, жоғары мотивациясының, табандылығы мен жүйелі дайындығының айғағы. Бұл тамаша жетістік мектебіміздің ғана емес, тұтастай Қазақстанның білім беру жүйесінің халықаралық беделін арттыра түсті.

Батырханды алтын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да жаңа белестерді бағындырып, ғылымдағы жетістіктері мен болашақтағы жеңістеріне шабыт тілейміз!