logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

🌱 Жаңа оқу жылының алғашқы қоңырауы соғылды

02 қыркүйек 2025 12:49

Бүгін Астана қаласы Нұра ауданындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты шара өтті.

Мерекелік жиында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрағасының орынбасары Сабыржан Садуақасов пен мектеп директоры Жаңбыржан Бекболатов жас зияткерлерге ізгі тілектерін арнап, алдағы оқу жылында табыс тіледі.

Салтанат барысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Құрмет» орденімен марапатталған биология пәні мұғалімі Рысжан Жайрбаеваға ерекше алғыс білдірілді. Ұстаз халықаралық пәндік олимпиадаларда жеңіске жетіп, еліміздің атын әлемге танытқан оқушыларды дайындағаны үшін жоғары мемлекеттік наградаға ие болған еді. Сонымен қатар, білім бәйгесінде топ жарған бірқатар зияткерлер де марапатталды.

Шара мерекелік ән мен биге ұласып, дәстүрге сай алғашқы қоңыраудың сыңғырымен аяқталды.