Жаңалықтар
NIS мұғалімі Еуропалық білім зерттеулері конференциясына (ECER 2025) қатысты
12 қыркүйек 2025 14:59
Астана қаласы Нұра ауданындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ағылшын тілі мұғалімі Екатерина Ким Сербияның Белград қаласында өткен Еуропалық білім зерттеулері конференциясына (ECER 2025) қатысты. Бұл конференция – әлемнің түкпір-түкпірінен келген ғалымдар мен білім беру саласының мамандары тәжірибе алмасатын ең ірі халықаралық алаңдардың бірі.
Биылғы конференцияның тақырыбы – «Charting the Way Forward: Education, Research, Potentials and Perspectives». Мектебіміздің мұғалімі «Boosting Students’ Well-being through Positive Education» атты постерлік зерттеуін таныстырып, мектеп оқушыларының әл-ауқатын позитивті білім беру құралдары арқылы арттыру мәселесін қарастырды.
Екатерина Кимнің жұмысы Bursary грантымен марапатталып, зерттеу нәтижелерін халықаралық деңгейде ұсынуға және білім беру саласының жетекші мамандарымен тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.