Жаңалықтар
NIS оқушылары халықаралық ракетомодельдік спорттық жарысқа қатысты
15 қыркүйек 2025 13:28
Астана қаласы Нұра ауданындағы жаратылыстану-математика бағытындағы NIS оқушылары Байқоңыр қаласында өткен халықаралық «Қорқыт-Ата кубогы» (FAI Әлем кубогының кезеңі) ракетомодельдік спорттық жарысқа қатысты.
Академик В.Н. Челомей атындағы Халықаралық ғарыш мектебінде «Мир-АЛТ» кубогының кезеңі ұйымдастырылып, оқушылар өздерінің жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, практикалық дағдыларын жетілдіріп, ғылыми-техникалық сала бойынша бағалы тәжірибе жинады.
Бұл жарыс мектеп оқушылары үшін маңызды оқиға болып, олардың ғылымға, инженерлік салаға және зерттеу қызметіне деген қызығушылығын одан әрі арттырды.

