logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Пәкістандық құрметті мейман ЖМБ NIS жұмысымен танысты

17 қыркүйек 2025 16:07

Астана қаласы Нұра ауданындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне Пәкістаннан құрметті қонақ, инженер Хабил Ахмед Хан жұмыс сапармен келді.

Сапар барысында қонаққа мектептің оқу және зертханалық аймақтары бойынша экскурсия ұйымдастырылып, Назарбаев Зияткерлік Мектебінің негізгі бағыттары мен инновациялық жобалары жан-жақты таныстырылды.

Қонақ бірінші қабаттағы мектептің миссиясымен танысты. Экскурсия лазерлік станоктар мен 3D-модельдеу аймағында жалғасып, онда цифрлық модельдер мен прототиптерді жасаудың заманауи технологиялары көрсетілді. Ақпараттық технологиялар зертханасында қонақ IT-дизайн және бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу жобаларымен танысты.

Ағаштан өнім өндіретін шеберхана мен арнайы жабдықталған жабық аймаққа ерекше көңіл бөлінді. Физика зертханасында баламалы энергия көздері ұсынылып, экологиялық таза технологиялар таныстырылды.

Мектептің шығармашылық бағытын қамтитын домбыра аймағы мен қолөнер сабақтары өтетін шеберхана таныстырылды.

Робототехника мен ғарыштық зерттеулер саласындағы инновациялық технологиялар NIS Robotics және NIS Space зертханалары көрсетілді. «NIS Greenery» экологиялық аймағында көгалдандыру және тұрақты даму жобалары таныстырылды.

Экскурсия мектептің кітапханасы мен әкімшілік блогын аралаумен аяқталып, мектеп басшылығымен қорытынды кездесу өткізілді.

Бұл сапар Қазақстан мен Пәкістан арасындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, білім беру саласындағы тәжірибе алмасуға үлкен үлес қосты.