Жаңалықтар
Жеңіл атлетикадан жарыс өтті
22 қыркүйек 2025 16:00
Астана қаласы Нұра ауданындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде жеңіл атлетикадан жарыс өтті. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, оқушылар жоғары белсенділік танытып, өздерінің спорттық шеберлігін және төзімділігін көрсетті. Жарысқа 7–8, 9–10 және 11–12 сынып оқушылары қатысып, оның ішінде 7 және 8 сынып оқушылары ерекше белсенділігімен көзге түсті.
Жарыс жеңімпаздары:
• 30 метр қашықтықта – Біржан Нышанғали (8F);
• 60 метр қашықтықта – Хайдар Исмаилбаев (8H) және Мирас Купельдеев (11K).
Іс-шараның негізгі мақсаты – спорт пен дене шынықтырудың маңызын насихаттау, оқушылардың денсаулыққа деген жауапкершілігін арттыру және салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады.
Барлық қатысушыларға алғысымызды білдіре отырып, жоғары спорттық жетістіктерге қол жеткізуге тілектеспіз.