logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

«Ғылымға бастар жол» атты кездесу

25 қыркүйек 2025 00:00

«Даналық бейсенбі» жобасы аясында Астана қаласы Нұра ауданындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары материалтану және химиялық инженерия саласының жас ғалымы, PhD доктор Әди Ақылбекпен онлайн кездесті.

Кездесу барысында спикер өзінің ғылымдағы жолын, шетелдік тәжірибесін және ғылыми ізденістерін оқушылармен бөлісті. Ол Токио технологиялық университетінде алған білімдері мен зерттеу жұмыстары туралы әңгімелеп, литий-иондық батареяларға арналған катодты белсенді материалдар мен олардың прекурсорларын әзірлеу саласындағы еңбектері жайында айтып берді.

Сонымен қатар, Әди Ақылбек оқушыларға ғылымға қызығушылықты арттырудың маңызы, табандылық пен үздіксіз еңбектің рөлі жөнінде құнды кеңестер берді. Ол жастарды білім алуға, ғылыми ізденістерге батыл қадам жасауға шақырды.

Кездесу соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ғылым мен инновацияға қатысты өз ойларымен бөлісті.

Бұл кездесу оқушыларға болашақ мамандықты саналы таңдауға, ғылым жолындағы мүмкіндіктерін кеңінен тануға және өз әлеуетін жүзеге асыруға зор ықпал еткен пайдалы шара болды.